Байланыс қызметтері

услуги
RB-K сауда таңбасымен «Радиобайланыс» ЖШС интернет-провайдері 2005 жылғы мамыр айында Алматы және Астана қалаларында Интернет желісіне сымсыз қол жеткізудің кең жолақты желісін іске қосқаннан бастап байланыс қызметтерін көрсете бастады. Бүгінгі таңда компанияның техникалық мүмкіндіктері Алматы және Қапшағай, Талғар, Есік қалаларын қоса алғанда Алматы облысы, сондай-ақ Астана, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Атырау, Актөбе, Ақтау,Орал және Қостанайда телекоммуникация қызметтерінің толық кешенін ұсынуға мүмкіндік береді.

Заманауи жабдықты пайдалану компанияға сымсыз деректерді берудің, Интернет желісіне және телефонияға қол жеткізудің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.

Кәсіпқойлық, сапаға барынша көп көңіл аудару, желінің күйін тәулік бойы бақылау және техникалық қолдау, заманауи технологиялар мен жабдықтар жоғары сапалы байланыс қызметтерін алу кепілдігін береді!
RB-K кең жолақты сымсыз қатынау желісі – Сіздің бизнесіңізді оңтайландыру үшін жоғары технологиялық және тиімді телекоммуникациялық қызметтер!

«Радиобайланыс» ЖШС тиімді бизнес-менеджмент үшін қажетті телекоммуникациялық қызметтердің толық спектрін ұсынады: Интернет, негізгі және резервтік деректер арналары, соңғы миля, телефония, көп арналы телефон нөмірлері, SIP, виртуалды АТС ұйымдастыру.

RB-K желісі озық технологияларды қолдана отырып құрастырылған және белгілі бір бизнес-үдерістер клиенттерді бір, екі, үш қадамдарымен қосуға мүмкіндік береді:
Бір – тарифтік жоспарды таңдау және техникалық мүмкіндіктерді тексеру,
Екі – шартқа қол қою және инсталляция жұмыстарына алдын-ала төлеу
Үш – қосу.
Қызметтер мен тарифтер бойынша толық ақпарат алу үшін коммерциялық ұсынысқа өтінім беріңіз немесе сату бөлімімен хабарласыңыз.


Выделенный доступ к сети Интернет

Интернет желісіне бөлінген қол жеткізу

Интернет желісіне бөлінген қол жеткізу. Бөлінген радиоарнаға қосылу жаһандық желіге қосылуды ұйымдастырудың сапалы, сенімді және ең жылдам тәсілі. Қосылу үшін таңдап алынған ауданның байланыс инфрақұрылымына тәуелді емес жоғары жылдамдықты лимитсіз Интернет.

Толығырақ


Организация каналов передачи данных

Деректерді беру каналын ұйымдастыру

Қызмет клиенттің жергілікті желілерін бірыңғай корпоративтік желіге біріктіруге арналған. Қызметті ұйымдастыру сымсыз кеңжолақты қатынау жабдығын пайдаланады. Бұл технология қаланың шалғай жерлерінде де, ортасында да Клиенттің кеңселерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Толығырақ


Телефония

Телефония

Қалалық телефон нөмірін беру. Қосымша жабдық – IP шлюзді пайдалана отырып сымсыз қол жеткізу жабдығы арқылы іске асырылады. Бұл қызметті осы аудандардағы қолданыстағы коммуникациялардың жай-күйіне қарамастан соңғы пайдаланушылар қолдана алады.

Толығырақ


Виртуальная АТС

Виртуалды АТС

Қымбат тұратын жабдықты сатып алмай-ақ, қашықтағы филиалдарды біріктіру, сондай-ақ Call-орталық құру мүмкіндігімен компанияның телефон желісін ұйымдастыруға жол ашатын заманауи шешім. Қызметтер оператор мен бағдарламалық құралдарды жабдықтау арқылы ұсынылады.

Толығырақ

adminБайланыс қызметтері