«Радиобайланыс» сымсыз желілері. (Profit.kz интернет-басылымы 30.09.2007)

«Радиобайланыс» компаниясының директоры Марина Кокамен компания жұмысы жайлы сұхбат.

Жыл сайын сапалы телекоммуникация қызметтеріне деген сұраныс арта түсуде. Егер қалалардың іскерлік орталықтарында кабельдік инфрақұрылым бірте-бірте өзінің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланса, онда қала маңындағы және шеткі жерлерде қажетті коммуникациялар мүлдем жоқ. Сондықтан, корпоративтік сектор сымсыз байланыс технологиялары мен деректерді беруді кеңейтіп келеді. «РадиоБайланыс» компаниясының директоры Марина Кока бүгінгі күні сұранысқа ие қызметтер туралы әңгімелейді.

— Сіздің компанияңыздың нарықтағы орны және көрсетілетін қызметтер туралы толығырақ айтып берсеңіз?

— Соңғы уақытқа дейін қазақстандық телекоммуникациялық операторлар байланыс пен деректерді беру қызметтеріне сұранысты қанағаттандыруды стандартты түрде – «Қазақтелеком» АҚ-нан негізгі байланыс операторларынан кабельдік арналарды жалға алу арқылы шешіп келді. Алайда еліміздің белгілі бір ерекшеліктеріне байланысты жер үсті коммуникациялар туралы айту мүмкін емес жерлерде кейде сапалы қызметтерге сұраныс қажет. Осыған байланысты, сымсыз технологияларға негізделген шешімдер объектінің орналасуына қарамастан, заманауи телекоммуникация қызметтерін алу мүмкіндігінде ең перспективалы болып табылады.

Сымсыз қол жеткізу шешімдеріне деген сұраныс өте үлкен деп айта аламын. Мұның қажеттілігі бүгінде бар нарықтық ұсыныстардан асып түсетіндігінен көрінеді. Ең алдымен, дәстүрлі түрде автоматтандыруды қажет ететін банктік, мұнай және бөлшек сауда секторларының қарқынды өсуіне байланысты үлкен сұраныс қамтамасыз етіледі. Бұл компанияларға филиалдарды, фронталдық офистерді, бөлшек сауда орындарын тұрақты бақылау қажет.

— Компания өз қызметін қашан бастады?

— Екі жыл бұрын, компанияның нарыққа шығу сәтінде ол қалыптасты және бәсекелестік те елеулі болды. Компанияның стратегиясы қарапайым формулаға негізделген: немесе біз басқа бәсекелестерге қарағанда өте жақсы, мобильді жұмыс істейміз, немесе біз ары қарай қызметімізді атқара алмай тоқтатамыз. Басқа компаниялар өкілдерінің ұсынысына қарамастан, біз нарықта тұрақтылыққа қол жеткіздік. Сонымен қатар, RB-K желісі бүгінгі таңда Алматыда жетекші орын алады.

— Нарықтағы көшбасшылыққа қалай жеттіңіздер?

— Бірнеше факторлардың жиынтығы есебінен. Біріншіден, сапалы байланыс қызметтеріне қанағаттанарлықсыз сұраныс болды (және қазір де бар екенін айта кету керек). «Қазақтелеком» ұлттық операторы, жерасты инфрақұрылымын – магистралдық желілерді белсенді түрде орналастырып, оны соңғы пайдаланушыға жеткізе алмай отыр. Бұдан басқа, біздің басты тұтыну нарығымыз – Алматы қаласының орталығы коммуникациямен өте жақсы қамтамасыз етілген. Ал қаланың шеткері жақтарында шағын кәсіпорындар, базалар мен қоймалар кеңселер бар, яғни олар жерасты коммуникацияларынан тыс орналасқан объектілер. Және ол жақтарға телекоммуникациялық қызметтердің толық спектрін жылдам берудің жалғыз жолы – сымсыз технологиялар.

Екіншіден, Алматы, Астана, Атырау және олардың маңындағы аумақтарды жабдықтау мен толық қамтудың икемділігі арқасында. Бұдан үшінші фактор шығады – техникалық мүмкіндіктер бойынша RB-K тарапынан бас тартудың болмауы. Корпоративтік сектордан бөлек, біз жеке тұлғаларды да байланыспен қамтамасыз ете аламыз. Төртіншіден, мамандар командасы ұсынатын бұйрықтардың жылдамдығы, тиімді басқару, сондай-ақ қолданылатын технологиялар арқасында. Тікелей қосылу туралы өтініш түскен сәттен бастап қосқанға дейінг уақыт 7 тәуліктен аспайды. Бір айда орта есеппен біз 70 жаңа нүктені байланыспен қамтамасыз етеміз. Бұл көрсеткіш біздің тікелей бәсекелестеріміздің көрсеткіштерінен асып түседі. Деректерді беру қауіпсіздігі де маңызды. Біздің жағдайда ол үш деңгейлі: біріншісі – біздің компания ұсынған қауіпсіздік, яғни, Motorola жабдықтары (кірістірілген деректерді шифрлау); Cisco желілік жабдықта қосымша қауіпсіздік жүйесі бар; ал үшінші деңгей – клиенттің өзіндік қауіпсіздік жүйесі.

— Бүгінгі таңда қандай қызметтер аса сұранысқа ие?

— Жалпы алғанда, компанияны ақпараттандыру мәселесін күрделі жолмен шешуге қабілетті корпоративтік желі құру бойынша қызметтер, сондай-ақ компанияның ішкі телефон желісі, бірыңғай бухгалтерлік есеп, корпоративтік электрондық пошта және электронды құжат айналымы, деректер базасы (жалпы нысандар мен құжаттар, қоймалардағы тауарлар) дүкендерде, тауарларды ауыстырып және т.б.) және Интернет-ресурстарға қол жетімділік.

— Сіздердің қызметтеріңізді қандай компаниялар пайдалануда?

—Біздің клиенттеріміздің ірі сегменті – Қазкоммерцбанк, Банк ЦентрКредит сияқты банктік құрылымдар. «Гелиос» жанармай құю станцияларының, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның желісі де аса маңызды. Бөлшек сауда нарығы «SMAK» дүкендер желісімен ұсынылуы мүмкін. Көптеген компаниялар сияқты бұл компаниялар да RB-K желісінде көрсетілетін қызметтерді өз жұмыстарында пайдаланады.

— Жақын уақыттағы компанияның жоспарлары қандай?

— Негізгі жоспарлар клиенттер санын арттырумен байланысты болады. Жыл аяғына дейін базалық станциялардың санын арттыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Алматыда шамамен 10 БТ, Астана – 2, Атырау – 1. Ақтау, Шымкент, Қапшағайды биылғы жылы қосуды болжап отырмыз. Біз сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша қызмет көрсетуге лицензия алу үшін АБА-не өтініш білдірдік. Жақын арада байланыс нүктелерінің орташа айлық санының қарқынды өсуіне байланысты компания монтаждау жұмыстарын тікелей өндіретін командалардың санын көбейтуді көздеп отыр.

— Компания пайдаланатын WLL технологиясының болашағы қандай деп ойлайсыз?

— Бүгінгі таңда нарықта көптеген абоненттік радио қол жеткізу жүйелері пайда болды, бұл архитектурада, техникалық параметрлерде және, ең бастысы, шешілетін міндеттер түрінде бір-бірінен ерекшеленеді. WLL қолдану ауқымы тек кеңейе беретін болады. Себебі WLL технологиясы абоненттік терминалдардың қарапайымдылығы мен жылдамдығы, жер бетіндегі шектеулер және т.б. сияқты сипаттамаларға ие. Сонымен қатар, сапа және өткізу қабілеті жақсарады, өйткені технологиялар бір орында тұрған жоқ және техникалық инновациялар үздіксіз жүріп жатыр.

admin«Радиобайланыс» сымсыз желілері. (Profit.kz интернет-басылымы 30.09.2007)