Үздіксіз қоректендіру көзін (ҮҚК) пайдалану қажеттілігі туралы

Ол не үшін қажет және оны қалай таңдайды?

Авторы: Александр Тищенко

«Радиобайланыс» ЖШС инженер-энергетигі

Қазіргі заманғы қалалық электр жүйелеріндегі кернеу орнықтылық мен тұрақтылығына сенімді бола алмаймыз. Дәл осы электрмен қоректендіру желісіндегі тұрақсыз параметрлер  көптеген қорғалмаған электр аспаптарына теріс әсер етеді. Ең алдымен, кернеудің күрт өзгеруі кезінде күрделі электрлік құрылғыларға зақым келеді.  Олардың қатарына «Радиобайланыс» ЖШС компаниясы орнататын клиенттердегі абоненттік модульдер мен телекоммуникациялық жабдықтарды (абоненттік қабылдау-беруші модуль, әмбебап қоректендіру блогы) жатқызуға болады. Электр тоғы болмай қалған кездегі ең күрделі мәселе де дәл осы абонеттік модульдің қоректендіру блогымен байланысты болады. Айталық, қоректендіру блогы істен шыққан жағдайда,  «Радиобайланыс» ЖШС ұсынатын жұмыстағы ақаулар орын алады, соның кесірінен компания-клиенттің жұмыс сапасына да әсер етеді.

Электрмен жабдықтаудың  үзілістеріне байланысты мәселелердің шешімі – үздіксіз қоректендіру көзі (ҮҚК) болып табылады.

Үздіксіз қоректендіру көзі – телекоммуникациялық жабдықты сенімді қорғау болып табылады. Телекоммуникациялық жабдықпен бірге жұмыс істейтін барлық құрылғылар үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етілуі керек. Үздіксіз қоректендіру көзі – телекоммуникациялық жабдықты сенімді қорғау. Телекоммуникациялық жабдықпен бірге жұмыс істейтін барлық құрылғылар үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етілуі керек (UPS).

Қазіргі заманғы үздіксіз қоректендіру көзі (UPS) – бұл пайдаланушыға арналған алмастырылмайтын құрылғы және оны таңдауда өте мұқият болу қажет. Сапалы ҮҚК телекоммуникациялық жабдықты электрлік жүктемелерден, импульстік радиожиіліктік кедергілерден, электр қуатын өшіруден және басқа да қиындықтардан қорғайды. Үздіксіз электрмен жабдықтауды сатып алуды ескере отырып, көптеген адамдар сапалы желілік сүзгіні сатып алумен ғана шектеледі. Иә, телекоммуникациялық жабдықты электронды қорғауға осы көзқарас өте қолайлы, өйткені қазіргі заманғы желілік  сүзгісі ҮҚК-нің барлық дерлік функцияларын орындайды (оны уақытша қуат көзі ретінде пайдалану мүмкін емес). Телекоммуникациялық жабдықтардың үзіліссіз жұмыс істеуі және барлық кеңселерге арналған қажетті жабдықтар үшін сізге сапалы ҮҚК-ге артықшылық беру қажет.

Үздіксіз қоректендіру көздерінің қандай түрлері  бар екені, сондай-ақ телекоммуникациялық жабдық үшін қандай үздіксіз қоректендіру көзін таңдау қажеттілігі туралы төменде оқыңыз.

Үздіксіз қоректендіру көздерінің типтері.

Үй және кеңсе пайдалануға арналған заманауи ҮҚК 3 негізгі түрге бөлінеді.

Біз қарастыратын бірінші тип, бұл – Off-line типті ҮҚК.

Оның жұмыс принципі өте қарапайым: электр желісінің кернеуі номиналды мәннен асып кететін сәтте, телекоммуникациялық жабдықтың қуаты дереу автономды режимге ауысады (кірістірілген аккумулятор батареясы іске қосылады). Бұл 4-5 миллисекунд ішінде орын алады.  Батарея жоғарыда аталған жабдықтың аппараттық ресурстарын 5-10 минут бойы сақтайды, одан кейін ҮҚК өшеді. Бірақ бұған дейін телефон арқылы әңгімелесудің дұрыс аяқталуы, Интернет желісіне қосылу және барлық телекоммуникациялық жабдықты қауіпсіз ажырату үшін бұл жеткілікті.

Off-line ҮҚК-нің кемшілігі кернеуді тұрақтандыру функциясының жетіспеушілігі және импульсті шуды әлсіз сүзгілеу болып табылады. Осы типтегі құрылғылар тұрақты кернеу және төмен кедергі болатын электр желілерінде пайдалануға арналған.

Үздіксіз қоректендіру көздерінің екінші типі – «Желілік-интерактивтік». Қуатты кернеу реттегіші арқылы UPS-ті компьютерге қосу арқылы оның жұмыс принципін көруге болады. Мұндай тәсілмен UPS батареясы тек желі толық тоқтаған кезде қосылады. Желілік-интерактивтік ҮҚК елеулі электр кедергілерін бейтараптандыра алмайды.

Үшінші типі – бұл One-Line ҮҚК. Бұл түрі ең жоғары технологиялық құрылғы болып саналады. Айнымалы тоқты тұрақты тоққа айналдырып, одан кейін қайтадан шығыс-айнымалы генераторды құруға мүмкіндік береді, бұл құрылғы электр желісіне кедергі келтіреді. Құрылғының шығуындағы ток тұрақты және ешқандай бұрмаланбайды. One-Line ҮҚК Сіздің телекоммуникациялық жабдығыңызды электр желілерінің зиянды факторларынан 100% қорғайды.

Қандай үздіксіз қуат көзін таңдау жөнінде ойлана отыра, құрылғының өлшемін естен шығармаңыз.Үлкен көлемді аккумуляторы бар ҮҚК, үлкен өлшемге ие болады, сондықтан автономды жұмыстың ұзақ кезеңі Сіз үшін қаншалықты маңызда екенін жақсы білуіңіз керек.

Сапалы өндірушінің ҮҚК-ін таңдау қажет, осы арқылы Сіз өзіңіздің телекоммуникациялық жабдығыңыз бен «Радиобайланыс» ЖШС орнатқан жабдықтың сенімді қорғалуын қамтамасыз ете аласыз.

 

adminҮздіксіз қоректендіру көзін (ҮҚК) пайдалану қажеттілігі туралы