Iphone/Ipad арналған ZoIPer баптау

1-қадам. Iphone/Ipad үшін қосымшаны AppStore-дан жүктеп алуға болады.

2-қадам. Бағдарламаны орнатыңыз және қосыңыз. Settings батырмасын басыңыз және Accounts таңдаңыз.

Есеп жазбасын қосу үшін + басыңыз.

SIP account таңдаңыз.

Account name, User Name және CallerID жолдарында Сіздің телефон нөміріңізді енгізіңіз.

Password жолында sip тіркеудің паролін енгізіңіз.

Domain жолында домен атауын енгізіңіз: порт_домен (мысалы, example.kz:8080).

Features мәзіріне өтіңіз және DTMF Settings пунктін таңдаңыз: SIP info.

Register басыңыз. Телефон нөмірі желіге тіркеледі.

Бағдарламаның бас мәзіріне шығыңыз. Settings түймесін басыңыз және Codecs таңдаңыз.

a-law кодекінен басқа барлық кодектерді өшіріңіз. Бағдарламаның бас мәзіріне шығыңыз.

Бағдарлама бапталды және пайдалануға дайын.

 

adminIphone/Ipad арналған ZoIPer баптау