
«Радиобайланыс» ЖШС-нің техникалық қолдау қызметі компанияның клиенттері мен серіктестеріне 24/7/365 режимінде компаниялар арасындағы шарт негізінде қолдау көрсетеді.
Техникалық қолдау қызметіне мына телефон нөмірлері арқылы қоңырау шала отыра өтінім қалдыра аласыз +7 727 23 23 747 немесе +7 777 747 75 44.
Егер Сіз қызметтермен байланыс жоқ екенін байқасаңыз, ақаулықты тез табу үшін келесі әрекеттерді орындай аласыз:
Қосылу объектісінде электр қуаты бар екеніне және барлық жабдық электр желісіне қосылғанына көз жеткізіңіз;
Дебиторлық берешек жоқ екеніне көз жеткізіңіз;
Өзіңіздің жергілікті желі кабелін немесе коннекторларды зақымдану жоқтығына тексеріңіз.
Егер желіде қосымша коммутациялық жабдықтар пайдаланылса, компьютерді / серверді тікелей RB-K жабдығына қосыңыз, содан кейін қызметтің жұмыс атқаруға қабілеттілігін тексеріңіз.
Қуат көзінің блогында индикацияның болуын тексеріңіз. Индикацияның болмауы электр қуатында мәселе бар екенін, тұрақсыз индикация – кернеудің ауытқуы бар екенін көрсетеді. Бұл ақпарат RB-K техникалық қолдау бөліміне берілуге тиіс.
Егер Сіз ғаламтор жылдамдығының төмендегенін тіркесеңіз:
Компьютеріңізді RB-K жабдығына тікелей қосыңыз және жылдамдықты өлшеу үшін www.speedtest.net сайтына өтіңіз, RB-K серверін таңдаңыз және нәтижелерді шартта көрсетілген тарифтермен салыстырыңыз.
«Радиобайланыс» ЖШС Техникалық қолдау қызметі