Жиі қойылатын сұрақтар

1. RB-K қызметтеріне қалай қосылуға болады?
RB-K қызметтеріне қосылу үшін Сіз коммерциялық ұсынысқа және техникалық мүмкіндікті тексеруге өтінім қалдыруыңыз қажет. Техникалық мүмкіншілікті тексергеннен кейін, байланыс келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде және инсталляция жұмыстарына алдын-ала төлем жасалады.
2. Жеке тұлғаларды қосу қалай іске асырылады?
Жеке тұлғаларды іске қосу үшін жеке қол жеткізу нүктесі орнатылады (шағын базалық станция), оған клиенттік жабдық бағытталады. Қосылу адамдар тобы үшін жүзеге асырылады. Қызметтерге қосылу үшін үйлердің ең аз
саны – 4.
3. Байланыс қызметі үшін төлеу тәсілі?
«Радиобайланыс» ЖШС қызметтері үшін ақы төлеуді «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ есеп-шоттарына, кассаға, CyberPlat терминалы арқылы, сондай-ақ біздің сайттағы Қызметтерге ақы төлеу бөлімінде банк карточкасының көмегімен жүргізуге болады. Қызметтерге ақы .
4. Қойылған шоттардың детализациясын қайдан қарауға болады?
Шоттарды, шот-фактураларды қою және ұсынылатын қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпарат Жеке кабинетте қол жетімді.
5. Шарттың қолданылуын қалай тоқтата тұруға болады?
Шарттың қолданылуын тоқтата тұру үшін «Радиобайланс» ЖШС басшысына компанияның бланкісінде шарттың қолданылуын тоқтата тұру мерзімін көрсете отырып, басшылықтың қолы қойылған өтініш беру қажет.
6. Басқа заңды/жеке тұлғаға шартты қалай қайта ресімдеуге болады?
Келісім-шартты басқа заңды тұлғаға қайта ресімдеу үшін «Радиобайланс» ЖШС басшысына компания бланкісінде қызмет көрсетуді қайта ресімдеген заңды тұлғаның атауын және барлық деректемелерін көрсете отырып, шартты қайта құру туралы өтінішпен басшылықтың қолы қойылған өтініш берілуі қажет. Қызметтер рәсімделетін компаниядан құрылтай құжаттарының көшірмелері ұсынылуы қажет.
7. Шарт жасасу үшін қандай құжаттар қажет?
– Жеке тұлғалар үшін: жеке басын куәландыратын құжат, мекен-жай анықтамасы, жылжымайтын мүлікке меншік/жалға алу/басқа да құқығын растайтын құжат – Қызметтерді көрсету орны.
– жеке кәсіпкерлер үшін: ЖК тіркелу туралы куәлік, жеке куәлік, мекен-жай анықтамасы, ҚҚС бойынша тіркеу куәлігі (болған жағдайда); жылжымайтын мүлікке меншік құқығын / жалға беруді / басқа да құқықты растайтын құжат -Қызметтерді көрсету орны.
– заңды тұлғалар үшін: жарғының көшірмесі, шарт жасасу кезінде берілген тіркелген заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама, Шартқа қол қоятын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
8. Мен қандай тарифтік жоспарға қосылғанымды қалай білемін?
Қосылған тарифтік жоспар туралы ақпаратты телекоммуникациялық қызметтер көрсету Шартына қосымшада, Жеке кабинетте қарауға немесе жетекшілік жасайтын менеджерден анықтауға болады.
9. Жетекшілік жасайтын менеджермен қалай байланысуға болады?
Сату бөлімінің қызметкерлері туралы ақпаратты «Радиобайланыс» компаниясының http://www.rbk.kz веб-сайтында сату бөлімінің Алматы бөлімінде, сондай-ақ жеке кабинетте алуға болады.
10. Жеке кабинетке қол жеткізуді қалай алуға болады?
Жеке кабинетке кіру үшін деректерді жетекшілік жасайтын менеджерден алуға болады.
11. Жеке кабинеттен парольді қалай қалпына келтіруге болады?
Логин / парольді қалпына келтіру үшін жетекшілік ететін менеджерге хабарласыңыз, содан кейін менеджер бір реттік қолжетімділік үшін деректерді генерациялайды, оны Сіз Жеке кабинетке кіру кезінде өзгерте аласыз.
adminЖиі қойылатын сұрақтар